Тағайындау • 29 Мамыр, 2024

Параспорттық даярлау орталығының басшысы тағайындалды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігінің Cпорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Ержан Естаев «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Параспорттық даярлау орталығының басшысы тағайындалды

Фото: csp_parasport.kz

Аталған комитет төрағасының орынбасары Роллан Серіков ұжымды Ержан Естаевты тағайындау туралы бұйрықпен таныстырып, жұмыста жаңа басшыға сәттілік тіледі.

Ержан Есімханұлы 1983 жылы дүниеге келген. М.Әуезов атындағы университетті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару», «Қаржы» мамандықтары бойынша тамәмдаған.

Әр жылдары спорт мекемелерінде оқытушы және жергілікті атқарушы билік органдарында басшылық қызметтерде болды.

Аталған тағайындауға дейін Ержан Естаев Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының қаржы және ұйымдастырушылық қызмет жөніндегі орынбасары болды және директордың міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.