Фото: lada.kz
Талдау барысында кәсіпорын уәкілетті органның тарифті бекіту туралы күшін жойған бұйрығын қолданып, 2022-2023 жылдары 51 кәсіпкер сарқынды суларды қабылдау қызметі үшін артық 38 млн теңгеден астам қаржы төлегені анықталды.
Сондай-ақ кәсіпорынның уақытша енгізілген өтемдік тарифті қолданбауы және ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтері үшін тариф мөлшерін өз бетінше асыра белгілеуі салдарынан 2022-2023 жылдары 14 елді мекеннің 24 025 абоненті жалпы 8 708 289 теңге қаражатты негізсіз төлеген.
«Аталған бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы аудан әкіміне және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне прокурорлық қадағалау актілерін енгізді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,7 млн теңге айыппұл салынды, 2 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды», делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Тұтынушыларға келтірілген залал уақытша өтем тарифін енгізу арқылы өтеледі.
Ерлан КИІКБАЙ,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті