Өнер • 29 Мамыр, 2024

Мейрамбек Бесбаевтың домбырасының құны қанша теңге?

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі кәсіпкер, домбыраны насихаттаушы Ерасыл Ринатұлы "Оян" бағдарламасына қонақ болып, домбыра жасаудың қыр-сырын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мейрамбек Бесбаевтың домбырасының құны қанша теңге?

Ол ұлттық аспапты дайындау үшін Африкадан ағаш алдыратынын да атап өтті.

Сұқбат барысында шебер өзі жасаған домбыра 550 мың теңге тұратынын жасырмады. Ал шебер кездестірген ең қымбат домбыраның иесі Мейрамбек Бесбаев болып шықты.

- Мейрамбек ағаымыздың ойнап жүрген домбырасының бағасы 1 миллион теңгеден асып түседі. Өзім сатқан домбыраның ең қымбаты 650 мың теңге болды. Мен білетін, бағасы жоғары тұратын домбыра сол кісіде болуы керек, - деді ол.

Ерасыл Ринатұлы жүргізушінің "Мейрамбек Бесбаев сізден сатып алды ма?" деген сұрағына "Жоқ" деп жауап берді.