Біржан сал атындағы музыкалық колледжде, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында, Көкшетау қаласы әкімінің кубогын сарапқа салған облыстық «Қасиетті домбыра» байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі ұстанымы қазақ халқының мәдениетін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушылардың жолын ашу болып табылады.
«Әнді сүйсең, менше сүй», деп дана Абай айтқандай, халқымыздың қара домбырасы – қазақтың ән мен күй құдіретін асқақтатқан, тарих үнін жалғастырған ұлы жәдігеріміз. Қазақтың әні мен күйі – халқымыздың көне заманнан бері қалыптасқан асыл қазынасы, ұлттың бекзат болмысы, жүрек сыздатқан сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң-шері, қызық-қуанышы. Сондықтан болса керек, үкілі домбырамыздың үні екі күн бойы Көкше аспанында әуелей қалықтап, жүректерді тербетіп тұрды.
Байқауға Көкшетау қаласының, Ақкөл, Ерейментау, Егіндікөл және Зеренді аудандарының жүйрік 25 домбырашысы қатысып, өнер жарысының көрігін қыздыра білді. Қазылар алқасы оза шапқан үздіктерді анықтау үшін аз тер төкпегенін де байқадық. Әйткенмен, «жарыс мұраты – жеңу», демекші шоқтығы биік домбырашыларға жұртшылық дүркірете қол соғып, ризашылықтарын білдірді.
Сөйтіп, «Үздік домбырашы» атауында көкшетаулық Мағжан Кәрібаев, «Үздік дәстүрлі әнші» – Зинулғабиден Нұрмағамбет (Егіндыкөл ауданы); «Ерекше дауыс» – Серғазы Қарақат (Ақкөл ауданы); «Көрермен көзайымы» – Байғабылов Әлішер (Көкшетау қаласы) жеңімпаз атанды. Оларға кубок, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Байқауға қатысушыларды құттықтаған Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Қасиетті домбыраның» дәстүрлі сипат алатынын мәлімдеді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.
Суретте: байқаудан көрініс.

Елімізде дәрігерлер тапшылығы 20%-ға қысқарды
Медицина • Бүгін, 11:47
DeepBas: Құрғақшылыққа қарсы жаңа технология енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:43
Антониу Гутерриш: Таяу Шығыстағы қақтығыс әскери жолмен шешілмейді
Әлем • Бүгін, 11:30
-18 градус аяз: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 11:26
Астанада тазалықты бақылауға дрондар жұмылдырылады
Елорда • Бүгін, 11:08
Түркістан облысындағы жеке клиникада лицензиясы жоқ дәрігерлер қызмет көрсеткен
Медицина • Бүгін, 10:52
Мобильді аударымдар тексеріледі: Қандай жағдайда айыппұл салынады?
Заң • Бүгін, 10:39
Елімізде жолаушылар тасымалы 9,3 пайызға артты
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Биыл 9 жаңа жолаушылар ұшағы сатып алынады
Экономика • Бүгін, 10:20
Аида Балаева: Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда жаңа инновациялық тәсілдер қажет
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Есірткі қылмысын отбасылық бизнеске айналдырғандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:52
«Алисамен» қазақша сөйлесетін қолданушылар саны 30%-ға артты
Технология • Бүгін, 09:50
Билет сатып аларда сақ болыңыз: Ішкі істер министрлігі азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 09:42
Интернет-алаяқтық көрсеткіші 15 пайызға төмендеді
Қоғам • Бүгін, 09:40