Тағзым • 30 Мамыр, 2024

Мың жылдық мұра

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық архивте академик-ғалым, археолог, этнограф Ә.Мар­­ғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Әлкей Мар­­ғұлан­ның әлемі» атты құжаттық көрме ашылды.

Мың жылдық мұра

Салтанатты іс-шараға Әл­кей Марғұланның қызы Да­нель­ Мар­ғұлан, Мәде­ниет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов, Парламент Сенатының депу­та­ты Алтынбек Нұх­ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Дархан Мыңбай, айтыс ақыны Баянғали Әлімжан, филология ғылым­дары­ның докторлары, профес­сор­лары Серік Неги­мов, Тұрсын Жұрт­бай, бас­қа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Әлкей Хақанұлының аудар­­ған хаттары, мақалалары, қа­зақ да­ласынан тапқан ерекше су­рет­тері, оқу орындарында жаз­ған еңбек­тері бүгінгі ғы­лыми айналым­ның сүбелі мате­риалдарының қатары­на кіреді. Әлкей Хақанұлы көп ашыла бермеген көне дәуір­лер­ге саяхат жасап, біздің байырғы мәдениетімізді ақ қағазға алтын әріптермен жазған ғалым. Әлкей Марғұланның 100 жылдық ме­рейтойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтті. 2003 жылы С.Торай­ғыров атындағы Павлодар мем­лекеттік университетінің алдында және 2007 жылы Алматыдағы Ұлттық ғылым академиясының жа­нында қоладан бюст-ескерт­кіш орнатылды. Сондай-ақ Баянауыл ауданының Құндыкөл аулын­дағы жалпы орта білім беру мектебі мен Баянауыл орталығында орналас­қан көшеге есімі берілді», деді вице-министр Ербол Әліқұлов.

Ғалымның қызы Данель Мар­ғұлан әке есімін ардақтаған ауқым­ды іс-шара үшін алғыс айтып, ескірмес естеліктерімен бөлісті.

Көрмеге Әлкей Марғұлан­ның өмірінен сыр шертетін 90-нан аса құнды құжат қойылды. Атап айтсақ, «Шоқан Уәлихановтың көркем мұрасы» мақаласы, «Қа­зан университетінен алынған қол­жазбалар», «Қола дәуірі қорым­дары» мақаласы, сондай-ақ Жошы хан кесенесі мен Айша бибі маза­рының сызбасы, Маңғыстау өлке­сінің этнографиялық жазбала­ры, ру таңбалары, архитектура­лық құрылыс материалдарының сызбалары мен суреттері таныс­тырылды.