Футбол • 29 Мамыр, 2024

Жауапты жарыстарға дайындық

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы келесі айда екі жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Нақ­тылап айтсақ, 7 маусымда Ар­ме­­ниямен, 11 маусымда Әзер­байжанмен шеберлік байқасады.

Жауапты жарыстарға дайындық

Ұлттық командамыздың бас бапкері Магомед Адиев аталған матчтарда мына ой­ыншыларға сенім артып отыр: Қақ­пашылар – Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бек­хан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар – Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров («Астана»), Еркін Тапалов, Роман Асранқұлов, Руслан Валиуллин («Тобыл»), Сергей Малый, Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Әділхан Добай («Жетісу»), Нұрәлі Әліп («Зенит», Ресей), Александр Зуев («Арсенал», Ресей); Жартылай қорғаушылар – Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен («Ордабасы»), Максим Самородов, Рамазан Оразов, Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Исламбек Қуат («Астана»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Ислам Чесноков («Тобыл»); Шабуылшылар – Рамазан Кәрімов, Елхан Астанов («Астана»), Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия).

Жерлестеріміз Арменияға қарсы Ере­ванда ойнаса, Әзербайжан құра­масы­мен бәсеке Мажарстанның Сомбатхей қа­ласында өтеді. Бұл кездесулер биылғы күз айларында жалауы желбірейтін жауапты жарыстарға дайын­дық ретінде қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18