Қоғам • 30 Мамыр, 2024

Сот жүйесі: әрбір теңге бақылауда

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сот әкімшілігінде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот жүйесі: әрбір теңге бақылауда

Фото: Жоғарғы сот

Президенттің мемлекет қаражатын қатаң түрде үнемдеу режимін енгізу туралы тапсырмасын орындау бойынша СӘ-де шығыстарды жоспарлауға бақылау күшейтіліп, олардың басымдығы айқындалды.

Биыл сот жүйесінде 13 миллиард теңгенің құрылыс жобалары жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта жаңа ғимараттарда Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданының және Атыраудың соттары орналасқан.

Жылдың соңына дейін Абай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 70-ке жуық сот ғимаратын жөндеуден өткізіп, тағы үш сот ғимаратының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

СӘ басшысы Наиль Ахметзакиров өңірлік бөлімшелердің назарын қаржылық тәртіпті қатаң сақтау қажеттілігіне аударды.

Аумақтық органдарға бюджет қаражатын бөлудің негізділігіне бақылауды күшейту, қызметкерлердің бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасы саласындағы біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар аудит және қаржылық қызметтер бұзушылықтарды анықтауға және тез арада жоюға бағытталған.