Атыраулық жігіт 4 жасар баланы «тілсіз жаудан» құтқарды
Атыраудағы көп қабатты үйдегі пәтердің бірінде болған өрт осы айтқанымыздың айқын дәлелі болмақ. Сол күні түс әлетінде қаладағы сауда орталығының өкілі Рәшит Жакупов анасының үйіне түстік ас ішуге келеді. Көп қабатты үйге кірер алдында үшінші қабаттағы терезеден түтінді көреді. Баспалдақпен жоғары көтеріліп, түтін иісі сезілген пәтер есігін қаққанда, іштен жылаған баланың дауысын естиді. Көршілерге өрт сөндірушілерге хабарлауды тапсырып, өзі пәтерге қайта жанұшыра жүгіреді. Пәтер есігін ашып, ішке ентелей енгенде, қара түтін дәлізді қою қараңғылыққа тұмшалайды. Бұл кезде пәтердің кіреберісінде кішкентай бала құлап жатыр еді. Інісі екеуі түтінге тұншыққан баланы көтеріп алып, жақын маңдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізеді.
Кейін белгілі болғандай, газға уланған бала 2010 жылы туған, яғни 4 жаста екен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынның өзге пәтерлерді шарпуына жол бермей, дереу сөндіріп үлгерді. Ең бастысы – 4 жасар бала аман. Ажал тырнағынан арашаланды. Қазір кішкентай бала дәрігерлер бақылауында. Оны құтқарған жас жігіт Рәшит Жакуповтың жасы әлі 30-ға толмаған. Рәшиттің 7 және 3 жастағы екі ұлы бар. «Біз көршіміз ғой, бір-бірімізге қиын сәтте қол ұшын созуымыз қажет», деп сыпайы жымиған жас жігіт бұл ісін ерлікке баламайды.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
АТЫРАУ.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Саясат • Бүгін, 08:02
Жергілікті көшбасшыларды даярлаудың жаңа бағдарламасы
Саясат • Бүгін, 08:00
Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр
Саясат • Бүгін, 07:55
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
Саясат • Бүгін, 07:50
Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше