
фото: aqmeshit-zhastary.kz
Министр жақсы өмір сүру үшін ең төменгі жалақы мөлшерінен көп ақша табу керек екенін айтты.
Сондай-ақ оның айтуынша, ел азаматтарының жағдайын жақсарту үшін еңбек нарығының тұжырымдамасы бекітілді, оның аясында Қазақстан жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға бет бұрады.
«Бүгінде сапалы жұмыс орындарының саны 2 млн 100 мыңды құрайды, біз бұл көрсеткішті кем дегенде 3 млн 800 мыңға дейін жеткізуіміз керек. Жалақы ең төменгі деңгейден кем болмауы керек», деді Светлана Жақыпова.
Сонымен қатар министр жұмыс берушілер ұсынуы қажет төрт критерийді атап өтті. Олар: әлеуметтік кепілдіктер, жұмыстың тұрақтылығы, жалақы медианадан төмен емес керісінше одан жоғары болған кезде және еңбек жағдайының қауіпсіз болуы. Ал мемлекеттік инспекторлар жұмысты тікелей осы критерийлер бойынша бағалауды қамтамасыз етуі тиіс.