Фото: Қазақстан Ұлттық банкі
Сүлейменов заң бойынша ЕТЖ мөлшерін 85 мыңнан аз төлеуге болмайтынын тілге тиек етті.
«ЕТЖ - жай ғана төленетін жалақы емес, бұл белгілі бір экономикалық көрсеткіш. Заң бойынша, зияткерлік, тіпті физикалық еңбегі үшін де 85 мың теңгеден аз төлеуге болмайды. Әділдікке келетін болсақ, 85 мың теңге жеткілікті ме, жоқ па? Әрине, жетіспейді. Қазақстанда ЕТЖ өсіп келеді, мәселен, алты жыл бұрын ол 28 500 теңгені құрады, содан кейін ол біртіндеп 42 мың, 60, 70, 85 мыңға дейін өсті», деді Т.Сүлейменов.
Оның айтуынша, елдегі ең төменгі жалақы инфляциядан әлдеқайда жылдам өсті.
«Ең төменгі жалақы мөлшері өсіп жатыр, ол өсе беруі керек. Болашақта бұл көрсеткішті арттыруымыз керек деп есептеймін. Бірақ бұл жерде еңбек өнімділігінің жалақы өскен сайын өсуін қамтамасыз ету қажет, әйтпесе бәсекеге қабілеттілік жоғалады. Бұл біздің нарығымыз бен өнімдеріміздің бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді. Сондықтан бұл макроэкономикалық және микроэкономикалық тұрғыдан да қарастыруды қажет ететін мәселе. Десе де мен экономист ретінде ең төменгі жалақыны кезең-кезеңмен көтеруді құптаймын», деп қосты ҚҰБ басшысы.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті