Президент • 31 Мамыр, 2024

Жоғары сапалы көлік магистралі кез келген дамыған елдің жарқын келбеті - Қ.Тоқаев

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдарды бүлдіретін шамадан тыс жүктелген көп тонналық жүк көліктеріне айыппұл салуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жоғары сапалы көлік магистралі кез келген дамыған елдің жарқын келбеті - Қ.Тоқаев

Фото: tengriauto.kz

«Автомагистральдарды пайдалану ісіне бақылауды күшейту қажет. Жол жабындысын бұзатын бірнеше тонналық жүк көліктеріне айыппұл салу керек», деді Мемлекет басшысы Алматыда өткен ғалымдармен кездесуде.

Оның айтуынша, жоғары сапалы көлік бағыттары кез келген дамыған елдің ажырамас ерекшелігі, өйткені олар тек капиталды ғана емес, білімді қажет ететін жобаларды да ұсынады.

«Сондықтан жол саласындағы қазақстандық компаниялар ғылыми тәсілді қолдануға және инновацияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктерді толық пайдалануы қажет.

Жалпы, білімге негізделген экономика құру үшін ғылыми мекемелер мен бизнестің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету маңызды. Бұл жұмыс барысында ғылыми идеяларды коммерциялық табысты өнімге айналдыратын инновациялық кластерлер, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар ашылады. Мұндай құрылымдар тиісті жобаларға идеядан бастап оны нарықта жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңде қолдау көрсетуі керек», деп қосты Мемлекет басшысы.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті