16 Қаңтар, 2015

Қытай елшісімен кездесті

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DAA_9029 Кеше Парламент Сенаты­ның Төрағасы Қасым-Жо­март Тоқаев Қытай Халық Респуб­ликасының Қазақ­стан­да­ғы Төтенше және өкілет­ті елшісі Чжан Ханьхуэй­ді оның өтініші бойын­ша қабылдады, деп хабар­лады Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Парламенті Сена­тының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы страте­гия­лық сипатқа ие болған Қа­зақстан мен Қытай қатынас­тарының нәтижелі дамуына қанағаттанғандық білдірді. Оның пікірінше, «өзара іс-қимылды табысты дамытуда мемлекет басшылары арасындағы сенімді үнқатысу негізгі рөл атқарады». Қ.Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру жә­не біздің еліміздің басқа да халық­аралық бастамаларын тұрақты қолдап келе жатқаны үшін Қытайға Қазақстан тарапы дән риза екенін атап өтті. «Шанхайда АӨСШК 4-ші саммитінің табысты өтуімен құт­тықтағым келеді. АӨСШК-ге Қытайдың төрағалық етуі оның халықаралық аренадағы беделін елеулі түрде арттырады», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Қазақстан ШЫҰ-дағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Се­нат Төрағасы көрші екі ел де эко­но­­микалық ынтымақтастықты өріс­тетуде зор мүмкіндіктерге ие екенін, сондықтан Қазақстан Қы­тай­дың Ұлы Жібек жолы тұжы­рым­дамасын толықтай қолдай­тынын атап өтті. Сенат Төрағасы ХӨБЖ Тұ­рақ­ты Комитетінің Төраға­сы Чжан Дэцзянға Қазақстанға ке­лу­­­ге шақыру жолдады, ол пар­ла­ментаралық ынтымақ­тас­тықты нығайтуға ықпал етер еді. ҚХР елшісі «Қытай Қазақ­стан­ды тату көрші ғана емес, бар­лық сала қамтылатын страте­гия­лық әріптес деп санайды, біз Қа­зақ­станды барлық салада қолдайтын боламыз», деп атап өтті. Сенатпен ынтымақтастықты нығайтуға ХӨБЖ-ның әзірлігін атап өте келіп, Қытай елшісі ХӨБЖ Тұрақты Комитетінің Төрағасы Чжан Дэцзянның шақыруын жеткізді. «Сіздің Бейжіңге са­парыңызға бізде әзірлік басталып кетті, ол парламентаралық ынтымақтастықты үдетуге ықпал ететін болады», – деді ҚХР елшісі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың негізі Төраға Си Цзиньпин мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев ара­сындағы өзара құрмет пен се­німге толы үнқатысу, сондай-ақ, Қытайдың белгілі Ұлы Жібек жо­лы экономикалық белдеуі тұжы­рымдамасы деп санайды.