Бокс • 02 Маусым, 2024

3-раундта нокдаун. Қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

952 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

50 келіде жұдырықтасатын Назым Қызайбай Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

3-раундта нокдаун. Қазақ боксшысы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Назым Қызайбай бірінші раундта ұпай саны бойынша артта қалғанмен, кейінгі кезеңдерде сенімді өнер көрсетті. 

Солтүстік Кореялық Канг Су Хуангты соңғы раундта нокдаунға жіберіп, жеңісті өз атына тіркеді. Қорытынды нәтиже 29:28 есебімен Бангкоктағы бәсекеде Назым Қызайбайдың бағы жанды.

Осылайша, ол Қазақстан қоржынына 57 жолдаманы салды.