Спорт • 03 Маусым, 2024

Әртістік жүзуден әлем кубогі: Қоржынға тағы бір «алтын» түсті

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан спортшысы алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әртістік жүзуден әлем кубогі: Қоржынға тағы бір «алтын» түсті

Фото: Azattyq ruhy

Еркін бағдарлама бойынша ерлер арасында Виктор Друзин 193.7938 ұпай жинап, жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. 

Айта кетсек, аталған турнирде осыған дейін отандасымыз Эдуард Ким техникалық бағдарламада топ жарған. Бұл – екі спортшының да әлем кубогіндегі алғашқы алтын жүлделері.