Аймақтар • 03 Маусым, 2024

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласындағы 5 ауданның ауылдық округтері мен Дерқұл ауылы әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті

Фото: Батыс Қазақстан облысының сайлау комиссиясы

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылы, Бөрлі ауданы Бумакөл ауылы, Жәнібек ауданы Қамысты ауылы, Тасқала ауданы Достық ауылы және Орал қаласы Деркөл қала типтес елді мекендерінің әкімдерінің өкілеттіктері аяқталды.

Сонымен қатар Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осыған байланысты сайлау 2 маусымға белгіленді.

Орал қаласындағы Дерқұл елді мекені әкімдігіне 3 үміткер, 15 118 сайлаушы тіркелді. Айта кетейік, Дерқұлда 7 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Дауыс беруге бірінші келген сайлаушыларға, кәмелеттік жасқа толған және бірінші рет дауыс берген жастарға, сондай-ақ бүкіл отбасы болып келгендерге демеушілер атынан сыйлықтар табыс етілді.

Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округі бойынша 2 кандидатқа дауыс беру үшін 774 тұрғын сайлаушылар тізіміне енгізілді.

Ақжайық ауданы Қарауылтөбі ауылдық округі бойынша жалпы дауыс саны 791 адамды құрайды.

Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі әкімі лауазымына үш кандидат өз бетінше ұсынылды. Мұнда 698 сайлаушы тіркелді.

Жетікөл ауылдық округіне қарасты Сырым ауданында және Тасқала ауданындағы Достық ауылдық округінде сайлау сәтті өтті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті