Фотолар: Видеоскрин. Облыстың ТЖ жөніндегі жедел штабы
Түп тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 1600 метрді, ені 20 метрді, ал тереңдігі 1,2 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта мердігер мекеме түп тереңдету жұмыстарына «ЗРС-Г», «Ватермастер-1», «Ватермастер-2» жер сорғыш снарядтарын (землесосный снаряд) қолданып жатыр.
Бүгінгі ахуал бойынша, «Қазақстан су жолдары» РМҚК тапсырысымен барлығы 2643 метр жер қазылып, 16 686 м3 топырақ алынды. Бас мердігер - «ПавлодарӨзенПорты» АҚ.
Сонымен қатар «ДМ ЭКО КАСПИАН» ЖШС 2350 метр түп тереңдету жұмыстарын жасады.