Фото: sn.kz
Бұған дейін 30 жастағы Динара Досымбекованың Семейге барар жолда таксиге мініп, хабарсыз кеткені мәлім болған еді.
Бүгін қызды іздеу шарасына қатысқан volontery_semey_lider.kz белсенділері оның мәйіті табылғанын хабарлады.
2 маусым күні анасы қызының жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған.
Алайда полицейлер жүргізген тексеру нәтижесінде, анасы кісі өлімі дерегі бойынша күдікке ілікті.
«30 жастағы қыздың жоғалуы бойынша мән-жай анықталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», делінген Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.