Энергетика • 03 Маусым, 2024

Елімізде электр энергиясын сақтау жүйесі пайда болады

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Энергетика министрлігі электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібіне қосымша енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде электр энергиясын сақтау жүйесі пайда болады

Фото: gov.kz

Аталған тәртіп қағидаттарына келесі түсініктер енгізіледі:

  • электр энергиясын сақтау жүйесі – электр энергиясын жинақтауға (зарядтауға), сақтауға және беруге (разрядқа) арналған автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылымдар;
  • электр энергиясын сақтау жүйесінің қуаты – жабдықты дайындаушы зауыттың паспорттық деректерімен айқындалатын киловаттпен қуаттылық;
  • электр энергиясын сақтау жүйесінің энергия сыйымдылығы – жабдықты дайындаушы зауыттың паспорттық деректерімен айқындалатын электр энергиясын сақтау жүйесімен желіге жинақтауға, сақтауға және беруге мүмкін болатын киловатт-сағаттағы электр энергиясының көлемі;
  • электр энергиясын сақтау жүйелерінің иелік қуаты – оның қуатының шектеулерін шегергендегі жабдықтың белгіленген қуаты;
  • электр энергиясын сақтау жүйесінің максималды заряды – қол жетімді жинақталған зарядтың максималды мәні киловатт сағ;
  • электр энергиясын сақтау жүйесінің ең төменгі разряд тереңдігі – жинақталған зарядтың киловатт сағатына өлшенетін төмендетілмейтін қалдығы;

Электр станцияларының, қазандықтардың, электр және жылу желілерінің негізгі міндеттері электр және жылу энергиясын өндіру, бөлу және тұтынушыларға босату (бұдан әрі – энергия өндірісі) негізгі тапсырмалары болып саналады.

Электр энергиясын сақтау жүйелерінің негізгі міндеттері - электр энергиясын жинақтау, сақтау және беру.

Бұл ретте электр энергиясын сақтау жүйесімен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым олардың қуатын шектеусіз толық беруді қамтамасыз етуге тиіс.

Электр энергиясын сақтау жүйелерінде энергетикалық сипаттамалар төмендегі көрсеткіштер бойынша жасалады:

  • электр қуатының өзгеру жылдамдығы, МВт/сек;
  • электр энергиясын түрлендіру тиімділігі;
  • қуаттың деградациясы;
  • заряд/разряд циклдерінің саны;
  • рұқсат етілген заряд/разряд жылдамдығы;
  • заряд күйі;
  • разрядтың рұқсат етілген тереңдігі;
  • жауап беру уақыты;
  • реактивті қуат бойынша мүмкіндік;
  • суық іске қосу мүмкіндігі.

Электр энергиясын сақтау жүйелері белгіленген қуаты 10 МВт-тан жоғары ЖЭКГҚ объектілеріне қолданылады. Электр энергиясын сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ объектілері үшін желімен синхрондалған жұмыс қамтамасыз етіледі.

Электр энергиясын сақтау жүйелері бар ЖЭКГҚ объектілеріне арнайы талаптар белгіленуге тиіс. Бұл ретте электр энергиясын сақтау жүйелері үшін электр энергиясын сақтау жүйелерінің техникалық талаптары мен диапазондары қосымша белгіленеді. 

Құжаттың толық нұсқасы Ашық НҚА сайтына орналастырылған.