Кәсіпқой бокс • 04 Маусым, 2024

Жәнібек жарап тұр

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанның кәсіпқой боксшыларының рейтингі шығарылды. Үздіктер көшін – орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бастап тұр.

Жәнібек жарап тұр

Әрине, оған еш таң­дануға болмайды. Өйткені ол отандық былғары қолғап шеберлері арасынан жалғыз өзі ғана әлем чемпионы атанып отыр. Жәнібекке бір емес, екі бірдей белді нұсқаның алтын белбеуі тиесілі. Бұл күндері ол Жаңа Зеландияның өкілі Андрей Михайловичпен жекпе-жекке даярланып жатыр. Аталған айқас 13 шілдеде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Дәл сол салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) екінші орынды иеленген. Оның да чемпиондық тәж үшін таласатын күні жақын. Үздік үштікті сақа спортшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) түйіндеп тұр. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарында Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО), Сұлтан Зәуірбек (17-0, 12 КО), Бекман Сойлыбаев (18-1, 9 КО), Сергей Липинец (18-3-1, 13 КО), Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 КО), Әли Ахмедов (21-1, 16 КО), Жан Кособуцкий (19-1, 18 КО) сынды саңлақтар бар.