Спорт • 04 Маусым, 2024

Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалған спорттық атақ алғандарды әшкереледі

1565 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі танымал аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан кейін тексеріс жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалған спорттық атақ алғандарды әшкереледі

Фото: aikyn.kz

Аралас жекпе-жек шебері видеода «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» сынды атақтар жалған спортшыларға негізгіз берілгенін айтқан.

Антикор бейне-ақпаратты тексеріп, Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды.

Сондай-ақ құзырлы мекеме жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы бойынша Туризм және спорт министрлігіне жемқорлық деректерін жою, Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын іске қосу сынды ұсыныстарын жолдады.

Е-sport Ұлттық цифрлық платформасы спортшылар, инфрақұрылым, жарыстар мен жетістіктер туралы бірыңғай деректер қоймасын құрайды және спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • Бүгін, 11:15

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • Бүгін, 11:05

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • Бүгін, 11:00

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 10:45