25 Сәуір, 2015

Ықпалдастық ырғақты дами бермек

204 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

25-04-15-sagintaev-1

23 сәуірде Мәскеуде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қаты­суымен Еуразиялық эконо­микалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырысқа қатысушылар Еура­зия­лық экономикалық одақтың тиімді қызметін және одан әрі да­муын қамтамасыз етуге бағыттал­ған неғұрлым көкейкесті мәселе­лерді қарап, қорытындысы бойынша үстіміздегі жылғы 8 мамырға жос­парланған Жоғары Еуразиялық эко­номикалық кеңестің Мемлекет бас­шылары деңгейіндегі отыры­сының күн тәртібін дайындады. Кеңес отырысының  күн тәрті­біндегі негізгі мәселе Қырғыз Рес­­пуб­­ли­касының Еуразиялық экономи­калық одаққа қосылу шарты туралы хат­тама жобасын дайындау болды. Өзара тиімді шешімдерге қол жеткі­зіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті хаттамалар жобасы алда тұрған Жо­ғары кеңес отырысында қол қою үшін дайындалды. Қырғыз Респуб­ликасының ЕАЭО-ға қосылуы шеңберінде Жоғары кеңес отырысында қырғыздар тарапынан Комиссияға жаңа алқа мүшелерін қабылдау жоспарланып отыр. ЕЭК Кеңесінің отырысы барысында Қазақстан тарапынан Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосы­луына жан-жақты қолдау көрсе­тілетіні атап өтілді. Ортақ эко­номикалық кеңістікті ұлғайтудың сыртында ол интеграциялық бірлес­тіктің тартымдылығын, орталық­азиялық өңір мен Еуразия­лық экономикалық одаққа мү­ше мемлекеттердің тұрақты эконо­микалық дамуын қамтамасыз етеді. ЕАЭО-ның интеграциялық әлеуетін жүзеге асыру және мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту мақ­сатында ЕАЭО елдерінің бола­шақтағы экономикалық дамуының негізгі бағыттары талқыланды. Ол қазіргі экономикалық жағдайларда ЕАЭО-ға мүше әр мемлекетке қосымша экономикалық тиімділік алу үшін жаңа серпін береді. Сол сияқты ЕАЭО-ға мүше мем­­­лекеттердің дағдарысқа қарсы бағыт­қа ие негізгі макроэко­но­мика­лық бағдарлары да талқы­лан­ды. Бұл құжат әлемдік экономи­када, сон­дай-ақ, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер эко­номикала­рын­да да байқалып отырған дағда­рыс көріністерін ескере оты­рып қалыптастырылады. Ол мү­ше мем­ле­кеттердің макроэконо­ми­ка­лық тұ­рақтылығын қамта­ма­сыз етуді, инте­грациялық үдеріске қаты­су­шы мем­лекеттердің эконо­ми­ка­лық өсімін қал­пына келтіру үшін жағдайлар жасауды көздейді. ЕАЭО-ның ортақ электр-энер­гетикалық рыногын қалыптастыру тұжырымдамасы қолдау тапты. Бұл тұжырымдаманы бекіту 2019 жылы құрылатын ЕАЭО-ның ортақ электр-энергетикалық рыногын құруға кірісу үшін жағдай жасайды. Ол болашақта мемлекеттердің электр-энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етпек. Қазақстан үшін ол сондай-ақ, саланың экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігін береді. ЕЭК Кеңесінің отырысы шең­бер­інде болашақтағы негізгі мақсаты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тасымал­дау­шыларының Одақ ішіндегі қызмет көрсетулерге қолжетімділігін жеңілдету болып табылатын Автомобильмен жүк тасымалдауды сатылап бейтараптандыру бағдарламасы  қолдау тапты. Ол бизнес үшін көлік шығындарын төмендетуге жағдай жасайды. Қазақстан бұл бағдарламаға 2025 жылдан бастап қосылады деп күтіліп отыр. Бүтіндей алғанда, талқылау қоры­тындылары нәтижесінде ық­палдас­тықтың шешуші аспек­ті­лері бойынша өзара тиімді уағдалас­тықтарға қол жеткізілді.