Спорт • 05 Маусым, 2024

Жарыс күнделігі

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Ресей супер­кубо­гінің финалында Санкт-Петербургтің «Зениті» Кали­нинградтың «Бал­ти­касынан» 2:1 есебімен басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Осы матчта ше­­шуші допты төрешінің қосқан қо­сымша уақытында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп соқты. Бұл – қандасымыздың «Зениттің» сапындағы алғашқы голы.

Жарыс күнделігі
  • Словенияның Копер қала­сында спорттық гимнастикадан аяқталған «Challenge Cup» тур­нирінде Диас Той­шыбек «ат» жаттығуы бойынша 14,150 ұпайды еншілеп, күміс медальды мойнына ілді. Бұл бәсекеде украиналық Илья Ковтун (14.900) алтын тұғырға кө­терілсе, хорватиялық Матео Зугич қо­­­лаға қол созды.
  • Париж Олимпиадасындағы грек-рим, еркін және әйелдер кү­ресінен өтетін бәсекелерде Қа­зақстанның екі төрешісі қазылық етеді. Олар – Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.
  • Халықаралық спорттық зерт­теу орталығы (CIES Football Observatory) жасыл алаңда өнер көрсетіп жүрген ең құнды қақ­пашылардың рейтингін жа­рия­лады. Үздіктер көшін швейцариялық Грегор Кобель («Боруссия» Дорт­мунд) мен украиналық Анатолий Тру­бин («Бенфика») бастап тұр. Олар­дың әрқайсысы 66 миллион еуроға ба­ға­лануда. Одан кейінгі са­тыларға мына қақпашылар жай­ғасты: Диогу Кош­та («Порту») – 56 млн, Джанлуиджи Дон­нарумма (ПСЖ) – 53 млн, Андре Онана («Ман­честер Юнайтед») – 51 млн, Барт Вербрюгге («Брайтон») – 47 млн, Эдер­сон («Манчестер Сити») – 43 млн, Ан­дрей Лунин («Реал») – 39 млн, Майк Меньян («Милан») – 37 млн, Георгий Ма­мардашвили («Валенсия») – 37 млн евро.