Әмин Тұяқов – қазақтан шыққан жеңіл атлетші. Тіпті жүгірумен айналыспайтын адамның маңғыстаулық желаяқтан үйренері көп. Оның еңбек жолына үңілсек, ол әрбір уақытын өте үнемді пайдалғанын көреміз. Соның арқасында өнімді нәтижеге жеткен. 20,6 секундта 200 м қашықтыққа жүгіріп өтіп, одақтың рекордын жаңартады. Шіркін, шынымен аңыз адам ғой!
5 маусым
Трендтердің бастау бұлағы АҚШ екенін бүкіл әлем мойындап қойған. Ал бүгінгі күн сол трендтердің арасындағы адамзат үшін ең пайдалысы десек те болады.
5 маусым – дүниежүзілік жүгіру күні. Алғашында жеңіл атлетшілердің кәсіби мерекесі деп саналғанымен, бүгінде әрбір саламатты өмір салтын ұстанушы адам үшін бұл күннің орны бөлек. Жердің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам жұдырықтай жұмылып, арнайы эстафетада алма-кезек жүгіреді. Жаңа Зеландиядан бастап Аустралия, Жапония, Еуропа, Африка, Оңтүстік және Солтүстік Америкаға дейін жалғасады.
Таңертең қалаңыздың алаңдарында спортшылар көбейсе, таңғалмай бірге жаттығып көріңіз. Жыл бойы түрлі мереке тойланып жатқанда мұндай күннен қапы қалмағанымыз жөн.
Ерекше марафоншы
Канадалық Терри Фокс – ерекше жан. Ол ампутацияланған аяқпен 5000 км жүгіріп өткен.
Оған 19 жасында сүйек қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Дәрігерлер аяғын тізеден төмен кесіп тастаған. Қайратты жігіт сонда да мойымады. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға көмектесу үшін «үміт марафонын» жасады. Ол жүгіру арқылы елінің түкпір-түкпірін шарлап, әр канадалықтан кем дегенде бір доллар жинады. Таңғаларлығы, үшжылдық жаттығудан кейін Терри протезбен Атлант мұхитын бетке алып, күніне орта есеппен 42 км жүгірді. Алайда 143 күндік жүгіру мен 5373 шақырымнан кейін оның демі үзілді. Дегенмен жанашыр жанның науқаны 24 миллион доллар жинап, қаншама жанның өмірін сақтап қалды.
Дайындаған –
Әсем ЖАНАТОВА,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті