Фото: Видеоскрин
«Тасқын судан зардап шеккен ықшам аудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіру басталды. Мәселен, қазіргі уақытта «Автожолшылар 2» ықшам ауданында асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды», деді Жылыой ауданының әкімі.
Оның айтуынша, жоспарланған басқа да жұмыстар қосымша жүріп жатыр. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын, қасбеттерін қайта жаңғырту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізілуде.