Қазақстан • 05 Маусым, 2024

Қоғамдық этиканы жа­ңартпай, әділетті қоғам құру мүм­кін емес - Ерлан Қарин

303 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты көлемді мақаласы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғамдық этиканы жа­ңартпай, әділетті қоғам құру мүм­кін емес - Ерлан Қарин

Фото: aikyn.kz

Ерлан Қарин мақаласында Қазақстандағы реформалық өзгерістердің ел өркендеуі жолындағы ықпалын саралаған. Ол мемлекеттің мызғымас тұғырын қалыптастыруда ескішілдік пен өркениетті даму жолы ешқашан бір арнаға то­ғыс­пайтынын атап өтеді. 

«2022 жылы қоғам өкіл­дерінің ұсынысымен Мәжіліс және мәслихат депутаттарын аралас сай­лау жүйесі енгізілді. Өкінішке қарай, іс жүзінде бір мандатты округтердің кейбіреуінде оң үрдіспен қатар жағымсыз жайттар да болды. Ашығын айтсақ, бірқатар округте бағдарламалар мен идеяларға негіз­делген еркін бәсеке түріндегі саяси күреске куә бола алмадық. Онда алдымен рушылдыққа жол берілді. Тіпті кейбір жерде қылмыстық топтар билікке енуге де әрекет жасады», деп кей бастамалардың көлеңкелі тұстарын да ашық талқы таразысына салды.

Мемлекеттік кеңесші мақаласында жаңа қоғамдық этика қалыптастырудың маңызына тоқталады.

«Жаңа саяси мәдениет қалып­тас­тырмай, жасампаз құндылықтар негізінде қоғамдық этиканы жа­ңартпай, әділетті қоғам құру мүм­кін емес екені айдан анық», деп жазды Ерлан Қарин.

Ол мақаласында аталған идеяны жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік мінберде атқарылып жатқан жұмыстарды да баяндады.

«Ұлттық құрылтайдағы бастамаларды жүзеге асыру үшін 40 тармақ­тан тұратын кешенді жоспар бекітілді. Осы құжаттың аясында жыл соңына дейін 9 заң қабылдау жоспарланған. Қазірдің өзінде оның үшеуін Парламент мақұлдап, Президент қол қойды. Жақында «Заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жос­пар» бекітіледі. Сондай-ақ басқа да тұжырымдамалық құжаттар әзірлеп, нақты жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Жалпыұлттық құндылықтарды әдістемелік тұрғыда негіздей оты­рып, жан-жақты дәріптеудің әдет­тегі жалаң үгіт-насихаттан айыр­машылығы – бұл тәсіл бірден нәтиже бермесе де, стратегиялық жағынан алғанда әлдеқайда тиімді. Жаңа құндылықтар жүйесі әр аза­маттың мінез-құлқы мен күнделікті іс-әре­кеті арқылы қалыптасуы керек. Сол себепті, билік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына баса мән беріп отыр», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қариннің ел дамуы жолында түйіндеген өзге де тұжырымдарын мына жерден оқи аласыздар.