Елорда • 05 Маусым, 2024

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.