Қоғам • 05 Маусым, 2024

«Сыммен тұншықтырған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицей 9 жылға сотталды

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында әйелін ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтірген полиция аға лейтенантына қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Сыммен тұншықтырған»: Қостанайда әйелін өлтірген полицей 9 жылға сотталды

Фото: Георгия Говорова

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.

Анықталғандай, ер адам әйелін ұзартқыш сыммен тұншықтырып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсамақшы болған.

Сотталушы Жаслан Төлегенов Қостанай қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының жауынгерлік бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеген. Заречное ауылында 1998 жылы дүниеге келген полицейдің асырауында екі баласы бар.

Үкімді судья Аделия Хасенова жариялады.

«Сот үкімімен Жаслан Төлегенов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жазасы қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтелсін. Төлегеновті полиция аға лейтенанты арнайы атағынан айыру көзделсін», деді сот.

м

 

Сот үкімі жарияланғаннан кейін сотталушының анасы БАҚ өкілдерінен оның және ұлының суретін жарияламауды сұрады.