АҚТӨБЕ. 16 қаңтар. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдауымен Ақтөбе облысында азық-түлік белдеуі құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ-тың Ақтөбе облыстық филиалының директоры Қорған Нұртазиннің айтуынша, акционерлік қоғамның Екі сүт-тауар фермасы, шошқа фермасы, екі репродуктор, екі жылыжай, көкөніс қоймасы және бірқатар өңдеуші кәсіпорын салынды. 2000 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы тарапынан облыстың ауылшаруашылығы техникалық паркін жаңарту мақсатында 24,2 млрд. теңге қаржы қаралды. Ал биыл бұл мақсатта 7 млрд. теңге қаражат бөлінді. 2000 жылдан бері облыста 478 ауыл шаруашылық құрылымына 976 техника берілді.
Аталған құрылымның қолдауымен «Ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы аясында шетелден етті және сүтті бағыттағы 3000 бас ірі қара сатып алынған. Биыл Ұлттық Қор қаржысы мен бюджеттен тыс қаражат есебінен 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында 6,5 млрд. теңге бөлінген. Облыстағы 108 шаруашылық жалпы құны 645,9 млн. теңге болатын 203 техника сатып алу мақсатында 175 келісім жасаған.
2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан шаруашылықтарды қаржылай сауықтыру және лизинг бойынша алынған технологиялық жабдықтарды субсидиялау бағдарламасы шеңберінде 283,1 млн. теңге мемлекет тарапынан субсидияланған.
Қорған Нұртазиннің айтуынша, бүгінде акционерлік қоғамының қаржыландыруымен Ақтөбе өңірінде 15 ірі жоба жүзеге асырылуда.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: forums.garene.ru.

Цементке сұраныс артты: Баға 13,7 пайызға қымбаттады
Экономика • Бүгін, 16:59
Маңғыстауда заңгерлер тұрғындарға тегін кеңес берді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:40
Шығыс Қазақстан облысында үш экопарк салынады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Елімізде қызылша жұқтыру көрсеткіші 30%-ға төмендеді
Денсаулық • Бүгін, 16:20
Жазда жаңа халықаралық әуе бағыттары іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 16:13
Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:57
Израиль мен «Хезболла» арасындағы бітім бұзылды
Саясат • Бүгін, 15:50
Жылу, экология және спорт: «Самұрық-Қазына» Абай өңірінде ауқымды жобаларды іске асырады
Экономика • Бүгін, 15:48
Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:29
10 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:11
Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда
Қоғам • Бүгін, 14:58
ҰБТ форматы өзгереді: Енді талапкерлер бір-ақ рет тест тапсырады
Білім • Бүгін, 14:47
Еліміздің бидай қоры 10,8 миллион тоннаны құрады
Экономика • Бүгін, 14:38
Астанада сарапшылар жердің тозуын тежейтін ғылыми тәсілдерді талқылады
Экология • Бүгін, 14:12
Демалыс күндері елімізде 28 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:40