Спорт • 05 Маусым, 2024

Мол олжаға кенелді

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әртістік жүзуден Канаданың Маркем қаласында ұйым­дастырылған Әлем кубогінің кезеңдік сайысында ұлттың құрама командамыз мол олжаға кенелді.

Мол олжаға кенелді

Алғашқы алтынды команда қожынына Эдуард Ким салды. Ол солоның техникалық бағдар­ла­масында 204.3900 ұпай жиып, барлық қарсыласынан қара үзіп кетті. Екінші және үшінші орынды италиялық Филиппо Пелати (198.1749) мен аме­­рикалық Кеннет Гау­дет (180.3716) иеленді. Еркін бағдарламада Виктор Друзин дара шықты. Ол 193.7938 ұпай ен­шіледі. Күміс пен қола медаль Пелати (186.1168) мен ис­па­ния­лық Деннис Бонеюға (185.8751) бұйырды.

Ал Эдуард Ким мен Наргиза Болатова (221.1683) жұптық бәсекеде күміс медальді мойын­дарына ілді. Жерлестеріміз тек ис­паниялық Денис Гонсалес Бонеу мен Миреа Эрнандез Лунадан (228.1233) ғана қалып қойды. Апеннин түбегінен келген тағы бір жұп – Филиппо Пе­лати мен Сара Мария Ри­зеа (208.8133) қола медальді ие­ленді.