Фото: otyrar.kz
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бөлмесінде ойнап жүрген бала абайсызда терезеден құлап кеткен. Бүлдіршін алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Жыл басынан бері кәмелетке толмаған жеті бала терезеден құлап, бір бала қайтыс болды. Ақтөбе облысының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Москит торлары баланы құлаудан сақтай алмайды», деп ескертті полицейлер.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті