Қазақстан • 06 Маусым, 2024

Қазақстан мен Қырғызстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтты

39 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі (ҚРМК ААМА) ұшу қауіпсіздігінің, авиациялық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру және авиация саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтты

Фото:Қазақстанның авиациялық әкімшілігі

«Тараптар ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әдістер мен құралдар туралы тәжірибе және ақпарат алмасу, азаматтық авиация саласындағы оқыту, біліктілікті арттыру және іс-жүзіндегі тәжірибені кеңейту, оқыту мақсатында мамандармен алмасу, азаматтық авиация саласындағы біліктілікті арттыру және іс-жүзіндегі тәжірибені кеңейту, бірлескен жұмыс топтарында жұмыс істеу, салалық іс-шараларға қатысу және бірлескен кездесулер, конференциялар, семинарлар және т. б. арқылы өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын белгіледі», деп мәлімдеді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.

 

1

Екі тарап арасындағы меморандум авиация саласындағы бірлесіп атқарылған жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізеді.

«Әуе биліктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы бірлескен жұмысты жаңа деңгейге шығаруға, тиімділікті арттырудың жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді», деп атап өтті Еліміздің авиациялық әкімшілігі Бас директоры Каталин Раду мен ҚРМК ААМА басшысы Данияр Бостонов.

 

2

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті