Фото: автордан
Жаңартылған стадионның салтанатты ашылуына ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев жаңартылған спорттық нысанның оқытушылар мен студенттердің денсаулығы үшін маңыздылығын атап өтті.
«ҚазҰУ стадионы 1986 жылы салынған болатын. Бүгінде Орталық Азиядағы бірегей университеттік спорт алаңы ретінде ҚазҰУ құрылысының II кезеңі аясында жаңартылды. Жоғары сападағы, заманауи үлгідегі стадион УЕФА мен ФИФА ұйымдарының халықаралық талаптарына сай жасалған. Футбол алаңының жасанды жабындысы мен дренаж жүйесі әлемдегі Топ-3, Орталық Азиядағы Топ-1 талабына сәйкес келеді. Үш мың орындық көрермен трибунасы, киім ауыстыратын бөлме, жуынатын орындар соңғы үлгіде жабдықталған. Спортпен шұғылданушы жастарға жан-жақты жағдай жасалған, осы стадионда әлем чемпиондары жаттығып, жаңа рекордтар жасайтынына сенімдімін», деді ректор өз сөзінде.
Стадионда футбол алаңынан бөлек, жүгіру жолақтары, велосипедшілерге және жаяу жүргіншілерге арналған жол, тренажерлар абаттандырылған әрі жаңа үлгідегі жарық беретін үлкен шамдар орнатылған алаңның сәнін келтіріп тұр.
Салтанатты ашылу рәсімінен соң оқытушылар мен спортшы жастардың қатысуымен футболдан жолдастық кездесу өтті.