Теннис • 06 Маусым, 2024

Жасминді жеңе алмады

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің теннис­ші­лері үшін Париждегі «Ро­лан Гаррос» турнирі аяқ­талды. Соңғы үміті­міз 24 жастағы Елена Ры­бакина ширек финалда италиялық Жасмин Пао­линиге жол берді.

Жасминді жеңе алмады

Отандасымыздың үз­дік­тер тізімінде 15 орынға жайғасқан 28 жастағы Апеннин түбегінен келген теннисшіні ұтатынына күмәнданғандар кемде-кем еді. Өйткені Елена Жасминге қарағанда әлдеқайда қарымды. Ол әлемдік рейтингте алғашқы төрттікті түйіндеп тұр. Қол жеткізген жетістіктері де одан әлдеқайда зор. Паолини бар болғаны былтыр «Ролан Гарроста» дәл осы межеге дейін жетіп, WTA турнирлерінде екі рет топ жарды. Десек те бұл кездесуде Рыбакина өте нашар ойнады. Бәсеке барысында жиі қателесіп, қарсыласының бір емес, бірнеше рет брейк жасауына мүмкіндік берді. Нәтижесінде, 2 сағаттан аса уақытқа созылған сайыста Жасмин Паолини 2:6, 6:4, 4:6 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы, Елена Рыбакинаның грунтта еркін ойқастаған кезі сирек. 2002 жылы ол «Уимбл­донда» дара шығып, былтыр Аус­­тралияның ашық бірін­шілі­гінде финалға дейін жетке­німен, «Ролан Гарроста» үнемі сәтсіз өнер көрсетіп жүр. Жер­лесіміздің Париждегі ең үздік көрсеткіші – 2021 жылғы жарыстың ширек финалы. Биыл да Елена дәл сол межеде сүрінді.