Қоғам • 06 Маусым, 2024

Disney қазақша сөйледі

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Disney мен Pixar компаниялары «Ойжұмбақ 2», Disney студиясы «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды.

Disney қазақша сөйледі

Disney жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 30-ға жу­ық нұсқасын дайын­дайды. Қазақ тілінің осын­дай ірі тіл­дер қатарына қосылуы – ай­тарлықтай оқиға. Ха­лық­ара­лық «Қазақ тілі» қо­ғамы атал­ған фильмдерді қазақ ті­ліне аудару бастамасын қол­дады.

Сонымен, «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі 13 маусымнан, «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» фильмдері қа­раша айынан бастап елі­міздегі барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Ал Алматыда 11 маусым күні сағат 18.30-да Mega ойын-сауық орталығында Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анима­ция­лық фильмінің қазақ тілін­дегі көрсетілімі өтеді.