Аңдатпа • 06 Маусым, 2024

Аңдатпа: Гитарашылар кеші

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 маусым - Астана опера сахнасында «Concordis» гитарашылар квартетінің «Лузитания» концерттік бағдарламасы (Португалия) ұсынылады.

Аңдатпа: Гитарашылар кеші

9 маусым - Орыс театрында...

М.Горький атындағы мемлекеттік акаде­миялық орыс драма театрында М.Су­по­ниннің «Коза-Дереза» ертегісі қойы­лады. Режиссері – Б.Парманов.

 

10 маусым - «Мөлдір махаббат»

М.Әуезов атын­дағы Қазақ ұлттық драма театрында С.Мұ­қановтың «Мөлдір махаббат» драмасы сахналанады. Режиссері – Ә.Рахимов. Айта кетейік, аталған өнер ор­дасындағы жөндеу жұмыстарына байла­нысты бұл қойылым Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік ака­де­мия­лық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында өтеді.

 

13 маусым - «Әріптер әлеміне саяхат»

Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемле­кеттік академиялық балалар мен жас­өспірімдер театрында Әлібек Байбол­дың «Әріптер әлеміне саяхат» ертегісі сахналанады. Режиссері – С.Қарабалин.