Фото: kursiv.media
№3, 8, 9, 10, 13, 15, 17, 18, 20, 23, 27, 30, 32, 35, 44, 59, 84-ші бағыттағы автобустардың жұмыс уақыты 23:30-ға дейін ұзартылды.
«Мысалы, егер маршрут бір соңғы аялдамадан 21:50-де шығып, жолды аяқтауға 1,5 сағат кетсе, келесі соңғы аялдамада оның жұмысы 23:30-да аяқталады», деп түсіндірді CTS.
Маршруттардың кестелері мен бағыттарының уақыты әртүрлі, сондықтан соңғы аялдамалардағы маршруттардың жұмысы да әртүрлі аяқталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін №201, 202, 203 түнгі бағыттағы автобустар іске қосылатыны хабарланған еді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті