Ауа райы • 07 Маусым, 2024

Нөсер жауын мен аптап ыстық: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға қарағанда, Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нөсер жауын мен аптап ыстық: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Фото: Sputnik

Мамандар 2024 жылдың 8, 9 және 10 маусымына арналған ауа райы болжамын бөлісті.

«Елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін», делінген синоптиктер хабарламасында.

Алайда, елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +35+42°-қа дейін көтеріледі.