Қоғам • 07 Маусым, 2024

Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны 50 мың адам қолдады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 1 наурызында Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Алайда наразы топ бұрынғы уақытты қайтару талабымен петиция жариялаған еді, деп жазады Egemen.kz.

Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны 50 мың адам қолдады

Фото: aikyn.kz

Авторлар бұрынғы уақытқа оралуды талап етіп отыр. Айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуі электр энергиясын артық тұтынуына алып келеді. 

Қолданыстағы заңға сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі 50 мың адамның қолын жинаған петицияны қайта қарауға міндеттеледі.

«Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тұлғалардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобын ұйымдастырады», делінген хабарламада.

аа