Айбын • 08 Маусым, 2024

Десантшылардың дайындық деңгейі жоғары

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Республикасында Қазақстан әскери қызметшілерінің қатысуымен өткен «EFES-2024» көпұлтты оқу-жаттығуы аяқталды. Маневрлердің белсенді кезеңін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бақылап отырды.

Десантшылардың дайындық деңгейі жоғары

Фото: kazpravda.kz

Қазақстан десанттық-ша­буылдау әскерлерінің әскери қызметшілері өзге елдердің қатысушыларымен бірге тапсырылған оқу-жауынгер­лік міндеттерді ойдағыдай орындап шықты. Олардың көп­ұлтты бөлімшелер құра­мындағы машық-дағдылары мен үйлесімді қимылы Түр­кия Қарулы күштерінің нұс­қаушылары тарапынан жо­ғары бағаланды.

– Жаттығу барысында де­санттық-шабуылдау әс­кер­лерінің жеке құрамы атыс қаруы мен шетелдік қару-жарақты игеріп қана қой­май, басқа елдердің әске­ри контингентімен өзара іс-қи­мыл жасап, тәжірибе алмас­ты. Үйлесімді жұмыс үшін тіп­ті тілдік кедергі де тос­қа­уыл болған жоқ. Алға қойыл­ған міндеттерді орындауға әскери қызметшілеріміз­дің жоғары кәсібилігі негіз болды, – дейді топ үйлестірушісі, подполковник Мадияр Қанаев.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, қатысушы тараптар­дың әскери қызметшілері әртүр­лі калибрлі атыс қаруынан практикалық атыстарды, елді мекенде ұрыс жүргізіп, шартты қарсыласты бейтарап­тандыру жөніндегі міндеттер­ді орындады. Санитарлық бөлімшелер жараланған әс­кери қызметшіге алғашқы медициналық көмек көрсету мен ұрыс жағдайына барынша жақындатылған эвакуация­лау дағдыларын пысықтады. Оқу-жаттығуға қатысқан әс­кери қызметшілерге жоғары кәсібилігін растайтын сертификаттар табыс етілді.

Естеріңізге сала ке­те­йік, «EFES-2024» халық­ара­лық көп­ұлтты оқу-жат­ты­ғуы тәжіри­бе алмасу, қа­ты­сушы елдер әскери қыз­мет­ші­­лерінің бірлескен қыз­ме­тін ұйымдастыру, сон­дай-ақ олар­дың кәсібилігі мен да­йын­дық деңгейін одан әрі арт­тыру мақсатымен өтті.