Фото: tolqyn.kz
Абай облысы
Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысы
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қ: 08 маусымда түнде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы
Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтау қ.: 08 маусымда түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 08 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 08 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 08 маусымда күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтөбе қ.: 08 маусымда найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Астана
Астана қаласында 08 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 08 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысы
Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстік жартысында, солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық, 36 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 08 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
Павлодар облысы
Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 08 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақмола облысы
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 08 маусымда күндіз найзағай күтіледі.