Аймақтар • 09 Маусым, 2024

Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тасқын зардаптарын жою процесін жіті бақылауда ұстап отыр. Министрлік мәліметінше, Ақмола облысында 1281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 273 үйдің құрылысы басталды

Фотолар: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шаралар жоспарланған:

- 333 тұрғын үй құрылысы;

- 219 тұрғын үй сатып алу;

- 729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Тасқыннан зардап шеккендерге 333 үй салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталған. 219 үйдің 123-і сатып алынған. Сондай-ақ, 729 үйдің барлығында жөндеу жұмыстары басталып кетті.

министрлік 

Атбасарда 165 зардап шеккен азаматтарға үш көпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысы басталды. Сондай-ақ 76 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 30-ы сатып алынды. Жөндеу жұмыстары болжамды тұрғыда жаздың соңында аяқталса, жаңа үйлердің құрылысы қазан айында аяқталмақ.