Аймақтар • 09 Маусым, 2024

Мектептерге автобустар берілді

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстағы 88 мектептің 18-інде оқушыларды көлік арқылы тасымалдауға тура келеді. Сондықтан, бұл мектептерді арнайы автобустармен қамту қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Мектептерге автобустар берілді

Облыс басшылығы бұл мәселеге бей-жай қарап отырған жоқ. 2023 жылы 16 автобус сатып алынған еді, жуырда тағы да 10 шағын автобус алынды.

Көлік кілттерін облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы өзі тапсырды.

«Біз үшін оқушылардың қауіпсіздігі өте маңызды. Оқушыларды тасымалдауға қажетті көлікпен қамту – басты міндеттің бірі саналады. Сондай-ақ шалғай ауылдардағы оқушыларды аудан немесе облыс орталықтарында өтетін түрлі іс-шараларға, олимпиадаларға жеткізуі де – өзекті мәселе. Сол себепті, мектептерді көлікпен қамту, олардың тозығы жеткенін жаңасымен ауыстырып отыруға әрқашан көңіл бөліп отырамыз», деді ол.

Бұл жолғы автобустар негізінен ауылдық жерлердегі мектептерге берілді.

 


Ұлытау облысы