Ұлттық спорт • 09 Маусым, 2024

Жамбы атудан «Түркі», «Мажар» стилдерінде жеңімпаздар анықталды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбы атудан 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы ІХ ел чемпионатында «Түркі», «Мажар» стилдері бойынша жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ulttyqatsport.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Жамбы атудан «Түркі», «Мажар» стилдерінде жеңімпаздар анықталды

Фото: ulttyqatsport.kz

«Түркі» стилі сайысында жүлделі бірінші орынға Алматы қаласы мергені Ерғазы Сәрсенбай ие болса, екінші орынды жамбылдық Берікболсын Бабажан еншілеп, үшінші орынға қарағандылық Оралхан Нұрасыл тұрақтады.

«Мажар» стилі бойынша жүлделі бірінші орынды Түркістан облысы мергені Ғұмыр Лесбек иеленді. Екінші орын қызылордалық Заңғар Асханға бұйырса, үшінші орынды маңғыстаулық Айдар Әділгерей еншіледі.

Еске салайық, чемпионат Талдықорған қалалық ипподромында 10 маусымда аяқталады.

Оо