Қоғам • 10 Маусым, 2024

Қазақстанда пәтер ұрлығы азайды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жыл басынан бері 1100-ден астам пәтер ұрысы ұсталды, оның ішінде 59 қылмыстық топ және 38 гастрольдік ұры бар. Бұл туралы ІІМ өкілі Шыңғыс Алекешов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда пәтер ұрлығы азайды

Фото: atr.kz

Полиция пәтер ұрлығының жасалу әдісі мен уақытына күнделікті талдау жүргізеді. 

Шыңғыс Алекешов жергілікті атқарушы органдармен және сауда объектілерінің әкімшіліктерімен бірлесіп, ұрланған мүлікті сатып алу және өткізу фактілеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Осындай қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда пәтер ұрлығының саны жыл сайын орта есеппен 34%-ға төмендеп келеді. Егер 2019 жылы 31 мыңнан астам қылмыс тіркелген болса, 2023 жылы тіркелген қылмыс саны 9 мыңнан аспаған.

Ал биыл пәтер ұрлығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28%-ға азайған