Қоғам • 11 Маусым, 2024

Елімізде екі мыңнан астам үй әлі де су астында

52 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде екі мыңнан астам үй әлі де су астында

Фото: azh.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Қазақстанда су тасқыны салдарынан 18 005 жылжымайтын мүлік бүлінген.  Оның 17 295-інің зерттеу нәтижесі дайын.

«Бір апта ішінде ресімделген қорытындылардың өсімі 1 375-ті құрады. 2 245 нысан құрылысы, жылжымайтын мүлік нарығында 5 235 үй мен пәтер сатып алу, 9 819 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған», дейді министр. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдегендей, ТЖ салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына түзетулер енгізілуіне байланысты БҚО-да тұрғын үй саны 4 042-ден 6 061-ге дейін өсті.

«Бүгінгі таңда елімізде 1 828 үйдің құрылысы басталды, бұл 81%-ды құрап отыр. Бұл ретте БҚО мен Ақмола облысында төмен қарқын мен жұмылдыру орын алды. Ақтөбе облысы мен БҚО-да 2 122 үй әлі су астында қалып отыр. Техникалық тексеру қорытындыларының жоқтығына қарамастан, меншік иелері үшін тұрғын үй салу және сатып алу шаралары қабылданып жатыр», деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, жылжымайтын мүлкі жарамсыз деп танылғандар үшін 1 943 нысан сатып алынды.  Бүгінгі таңда 1 772 үйдің иесі төлемдерін алған. Ахуалдық орталық және Еңбек ресурстарын дамыту орталығы барлық кезеңдерде EGOV және «Әлеуметтік көмек» ААЖ арқылы азаматтардан өтініштерді қабылдау және өңдеу процесін бақылайды. Цифрландыру есебінен іске асыру кезеңдері бойынша мониторингі қамтамасыз етілді. Әр өңірде жаппай құрылыс алаңдарында тәулік бойы онлайн қолжетімділігі бар 52 камера орналастырылған. Алдағы аптада Ақтөбе облысында қосымша 6 камера қосылады.