Аймақтар • 11 Маусым, 2024

ШҚО-да билікті басып алуды насихаттағандар сотталды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны билікті басып алуды және сепаратистік қызметті насихаттағаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да билікті басып алуды насихаттағандар сотталды

Фото:inform.kz

2 Өскемен қалалық сотының шешімімен ШҚО-ның екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты тудыратын жарияланымдары мен насихаттары үшін сотталды.

Тергеу барысында күдіктілердің 2024 жылғы ақпанда интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдалана отырып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттілігі туралы өз сенімдері мен идеяларын білдіргендері анықталды.

«Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкініш білдірді. Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Заңды күшіне енген сот үкімімен жоғарыда аталған тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мәселелері құқық қорғау және арнайы органдардың ерекше бақылауында», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студеті