17 Қаңтар, 2015

Олар енді жалғыз емес

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылып, балаларды қабылдай бастады. Күндізгі жартылай стационар 50 орынға лайықталған. Адам тағдырын сұрап алмайды. Бұл балақайлардың сырт көзге сүйелдей көрініп, тар бөлмеде қамалып отыратындай жазығы жоқ. Олар да бар мүшесі түгел, ақыл-есі бүтін құрдас­тарындай жақсы өмір сүруге құқылы. Бұл туралы ғимаратты ашу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов қадап айтты. – Осы жаңа медициналық мекеменiң ашылуы көптеген балалар мен олардың ата-аналарын қуанышқа кенелтедi деп ойлаймын. Осы санаттағы балалардың саны және олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып, былтыр облыс қазынасынан аталмыш ғимараттың құрылысына 152,7 миллион теңге бөлiнген. Ендi, мiне, ерекше күтiмдi қажет ететiн балақайлар Елбасы қамқорлығының жемiсiн көредi, – дедi ол. Мұнда 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ем алуына, білім алуына мүмкіндік бар. Ал өркениетті елдерде бұл мәселе түбегейлі шешілген. Денесінде, ақыл-есінде ақауы, мүкістігі бар адамдар мүмкіндігінше қоғамдық жұмыспен қамтылады, барлық ортада еркін жүре алады. Міне, сондай жақсылықтарды біздің балалар да көре бастады. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан». ШЫМКЕНТ.