Қысқа қайырып айтқанда:
*Ресейдің Иркутск облысының Ангарск қаласындағы автобус аялдамасында болған жарылыстың қуаты 1 килограмм тротилге тең екен. Жарылыс салдарынан бір әйел адам жеңіл жараланса, бір ер адам оң аяғынан айрылған. Лаңкестікті кім жасағаны әлі анықталмай отыр. *Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялы ауданының Нинмин уезіндегі супермаркет жанында газ жарылды. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапса, 19-ы жараланған. Жарақат алған екеудің жағдайы нашар көрінеді. Оқиға орнында тергеу-тексеру жұмыстары жалғастырылуда. *Ресей Федерациясының 7 субъектісінің басшылығы алкогольді ішімдік сатып алуға рұқсат етілетін азаматтардың жасы кем дегенде 21-де болуы қажет деген ұстанымға қолдау білдірді. Былтырғы жылдың қазанында жүргізілген сауалдамаға сәйкес, мұндай бастаманы ресейліктердің 79 пайызы қолдайтыны анықталған. Сирияға 400 әскери аттандырады Пентагон «Ислам мемлекеті» (ИМ) қарулы жасағына қарсы тұрып келе жатқан сириялық көтерілісшілерді жаттықтыру үшін 400-ден астам америкалық әскериді сол елге жіберуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы Стив Уорренге сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Бұл жерде әңгіме қазіргі кезде президент Башар Асадтың режімімен және ИМ экстремистерімен күрес жүргізіп жатқан Сирия оппозициясының жасақтары туралы болып отыр. Оппозиция Сирия азат ету армиясының жауынгерлерінен, сондай-ақ, ұсақ әскери топтардан жасақталған. Ал америкалықтардың нақты кімдерді жаттықтыратыны туралы ештеңе айтылмайды. Пентагонның жоспарынша, бір жылда 5 мың сириялық көтерілісші жаттықтырылмақ. Қару алып жүруге рұқсат сұрайды Еуропалық одақтағы аса ірі еврей федерациясы еуропалық заң шығарушыларды өздерін қорғау үшін қару алып жүруге рұқсат беруге шақырды. Еуроодақ елдері ішкі істер министрлеріне жолданған хатқа раввин Менахем Марголин қол қойыпты. Марголин Еуропа еврейлері қауымдастығының басшысы болып табылады. Ал хатта былай делініпті: «Париждегі оқиғалар, сондай-ақ, соңғы жылдары Еуропадағы еврей қоғамы атына келіп түсіп жатқан көптеген қорқытып-үркітулер сөзден нақты іске көшу қажет екенін айғақтап беріп отыр». Хатта еврей қоғамына жеке қарулы күзет құруға рұқсат берілуі сұралады. Оның үстіне, еврейлерді еуропалық күш құрылымдарының өкілдері оқып-үйретуі керек екен. Ғарышқа ұша алмайтын болып отыр Үстіміздегі жылдың күзінде ғарыштық турист ретінде Халықаралық ғарыш стансасына аттануды жоспарлаған британиялық әнші Сара Брайтманның бұл ойы анасының сырқаттанып қалуына байланысты кейінге шегерілді. Әншінің ғарышқа сапарына орай жаттығулары жақын арада басталуы тиіс болатын. Енді ол отбасылық жағдайына байланысты қайтадан Ұлыбританияға ұшып кеткен. Бірақ жақын арада Мәскеуге қайта оралуға уәде беріпті. Бұл туралы «Роскосмостың» ұшу бағдарламаларының жетекшісі Алексей Краснов хабарлады. Сөйтіп, 19 қаңтарға белгіленген жаттығулар белгісіз уақытқа кейінге шегеріліп отыр. Ал Брайтман ғарышқа аттанған жағдайда 52 миллион доллар төлейтін болады. Әнші 8-ші ғарыштық турист атануы ықтимал. Интернет материалдары негізінде әзірленді.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше