Туризм • 12 Маусым, 2024

Еліміздің танымал туробъектілері енді 3D форматта қолжетімді

51 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үшөлшемді форматтағы бейнелер Қазақстанның барлық өңірлер бойынша ең танымал туристік бағыттары туралы ақпаратты қамтиды. Портал USAID қолдауымен әзірленді, деп хабарлайды  Egemen.kz  «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ сілтеме жасап.

Еліміздің танымал туробъектілері енді 3D форматта қолжетімді

Фото:«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ

3D карталар - бұл еліміздің танымал туробьектілерін егжей-тегжейлі және интерактивті көрінісін қамтамасыз ету арқылы туристердің тәжірибесін айтарлықтай жақсартатын құрал.

Бұл форматтың көмегімен телефон немесе компьютер арқылы Маңғыстаудың Марс планетасына бейнелі көріністерінен Марқакөл көліне дейін Қазақстанның ең керемет жерлерін көруге болады.

Енді туристер сапар алдында қолжетімді көрікті жерлерді виртуалды түрде VR (виртуалды шындық көзілдірігі) арқылы ендік, бойлық және биіктік сипаттамасы бойынша зерттей алады.

Бұл бейнелер білім беру саласы үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Мәселен, үшөлшемде толыққанды бейнелерге сүйеніп, кейбір тарих және география сабақтарын өткізуге болады.

«Біздің еліміздің кең аумағында экспедициялық, мәдени-тарихи және шытырман оқиғалы туризм үшін шексіз мүмкіндіктер жасырылған. Мұндай сапарлар — бұл пандемиядан кейінгі трендке айналған жеке және шағын топтарда саяхаттау үрдісі ғана емес, сонымен қатар біздің аймақтың тарихы мен мәдени ерекшелігіне терең үңілудің ерекше мүмкіндігі. Біз USAID агенттігіне осы жобаны қаржыландырғаны үшін алғысымызды білдіріп, оны жалғастырамыз деген үміттеміз, өйткені Орталық Азияда біз өзіміз үшін де, шетелдік турист үшін де ашқымыз келетін көптеген әдемі жерлер әлі де бар», деп бөлісті Kazakh Tourism Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Қайрат Садвақасов.

Еліміздің танымал туробъектілері 3D форматта төмендегі сілтемелерден қарауға болады:

Шарын Каньоны / Каньон Шарын https://3dmapcentral.asia/kz/#h82/46.3/7.0/120.0  

Бурабай https://3dmapcentral.asia/kz/#h19/-51.8/10.9/120.0

Оқжетпес (Бурабай) https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h18/1.8/-3.8/120.0

Астананың ән салатын субұрқағы / Поющий фонтан Астаны https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h1/14.2/0.0/105.8

EXPO https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h2/-9.7/25.2/120.0

Нұржол Бульвары / Бульвар Нуржол https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h4/-179.2/1.4/120.0

Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері / «А. Л. Ж. И. Р.»

https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h6/-144.5/24.1/120.0

Әзірет Сұлтан Мешіті / Мечеть Хазрет Султан https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h6/-144.5/24.1/120.0

Алматыдағы Успен соборы / Успенский собор в Алматы https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h10/10.5/17.5/111.2

Астана президенттік паркі / Президентский парк Астаны https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h10/10.5/17.5/111.2

Астананың салтанатты аркасы / Триумфальная арка Астаны https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h14/-179.3/31.7/120.0

Астананың орталық саябағы / Центральный парк Астаны https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h16/1.4/-13.3/120.0

Бозоқ Қалашығы / Городище Бозок https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h88/-119.2/11.5/120.0

Ақжар бор таулары / Меловые горы Акжар https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h28/-157.8/-3.2/119.0

Арал теңізінің түбі / Дно Аральского моря https://www.3dmapcentral.asia/kz/#h36/-159.0/14.8/120.0

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті