Фото:ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Іс-шара Орталық Азия елдерінің және дәліз бойында орналасқан басқа елдердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Еуроодақ құрамына кірмейтін G7 елдерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.
Көлік министрі Марат Қарабаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік байланыстарын күшейту өңірлердің экономикалық өсуі мен өркендеуі барысында маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.
«Үйлестіру платформасының құрылуы бізге ортақ мақсаттарға жету үшін күшімізді біріктіруге, тәжірибе мен пікір алмасуға бірегей мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа Әзербайжан, Армения, Грузия, сондай-ақ Түркиядан келген әріптестеріміз шақырылғанын атап өткім келеді. Бұл өз кезегінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ірі және тұрақты мақсаттарды іске асыру аясында маңызды рөл атқарады», деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр қатысушы елдер мен ұйымдардың өкілдеріне бірегей алаң құруға қатысып, қызығушылық танытқандары үшін әрі Еуропалық Одаққа көрсетілген қолдау мен Орталық Азия елдерін дамытуға бағытталған жұмысы үшін алғыс білдірді.
«Транскаспий халықаралық көлік маршруты үшін құрылған үйлестіру платформасы Орталық Азия мен Еуропаның арасын жақындатуға бағытталған ынтымақтастығымыз барысында алға жасалған елеулі қадам. Тұрақты көлік байланысы аймақтың экономикалық өсуін және оның Еуропамен байланысын нығайту үшін өте маңызды. Біз серіктестерімізге даму және қоршаған ортаны қорғау мақсаттарына қол жеткізуде қолдау көрсетуге ниеттіміз», деді Халықаралық серіктестік жөніндегі бас директораттың бірінші дәрежелі кеңесшісі Хенрик Хололей.
Майя Бакран үйлестіру платформасы мультимодальді бағытқа айналуға ықпал ететінін тілге тиек етті.
«Үйлестіру платформасы Транскаспий халықаралық көлік бағытын Еуропаны, Кавказды және Орталық Азияны байланыстыратын мультимодальды және заманауи бағытқа айналдыруға ықпал етеді. Әртүрлі мүдделі тараптардың үйлестіру әрекеттері аймақтың тұрақты экономикалық дамуына үлес қосады», деді Еуропалық ұтқырлық және көлік комиссиясы Бас директорының орынбасары Майя Бакран.
Тұтастай алғанда, платформа аталған дәліздің жұмысын ілгерілетуге және Орталық Азиядағы инфрақұрылым саласындағы басым жобаларды іске асыру жөніндегі күш-жігерді үйлестіруге ықпал етеді. Ол сондай-ақ теміржол, жол және порт инфрақұрылымына инвестицияларды ынталандырады және үйлестіреді.
Айта кетейік, Еуроодақ ұзақ уақыт бойы өңірдің сенімді серіктесі. Сәйкесінше инфрақұрылымды жақсартуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға, тұрақты дамуды ілгерілетуге ықпал етеді. Жаңадан құрылған платформа шеңберінде бірлескен жұмыс тек көлік инфрақұрылымын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар экономикалық байланыстарды айтарлықтай нығайтуға, көлік дәліздерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ көлік секторында инновациялар мен озық технологияларды енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті